Осыдан 100 жыл бұрын «телекөрсетілім басты ақпарат құралы, ал теледидар болса үйде негізгі техника болады» десе, ешкім сенбеген болар еді. Тіпті, технологиялық серпіліс орын алған кезден бастап қозғалмалы бейнелер бағдарлама түрінде тарағанға дейін екеуінің арасында көп уақыт кетті. Бұл революциялық өнертабыс қазіргі Қазақстан аумағына 1958 жылы КСРО мемлекеттік телерадиосының бүкілодақтық ретрансляциясымен келді.
«Көк-Төбедегі» құрылыс үшін таңдалған нүктенің артықшылығы – ол теңіз деңгейімен есептегенде әлемдегі ең биік мұнара саналады. Сондай-ақ қаланың орта биіктігінен антеннаның шетіне дейінгі ұзындық – 700 метр. Жобаны жүзеге асыру үшін таудан бөлек, сейсмикалық белгілерге, топырақтың көшуі мен желдің күштілігіне ғасырлар бойы шыдас беретіндігіне көз жеткізу керек еді.