Сәлем, Қазақстан! Бағдарламаның бұл шығарылымында біз өз бақытын тауып, Қазақстанға қоныс аударған Ник Драпомен тағы да кездесеміз. Никтің балалары өсіп келеді және оған қазақтардың бала туу мен оның тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлері бар екенін білу өте қызық. Сол үшін кейіпкерімізді этнограф, қазақтың салт-дәстүрлерінің білгірі Бұлбұл апаның қызықты әңгімелері күтеді.