Ник Драппо есімді америкалық азамат Алматы және оның төңірегіндегі көрікті жерлермен танысуды жалғастыруда. Ол бүгін достарымен облысқа қарайтын Қапшағай қаласына келді. Көлеңкелі саябақ, заманауи аквапарк, көне автомобильдер салоны. Су басқан Іле ауылының қалашыққа айналған көрінісін тамашалауға болады.