Бүгін де бір ерекше күн болмақ, қатысушылар қазақтың тағы бір тамаша дәстүрімен жақынырақ танысып, ептілігін сынап көреді.
Бүгінгі тапсырма – 1 сағат ішінде жігіттер жағы ат тағалап, қыздар жағы бесікке бала бөлейді. Жігіттер аттардың тек алдыңғы екі тұяғын ғана тағалайды. Кім қаншалықты сапалы тағалады, қанша уақытта бітірді, соның бәрі есепке алынады.
Әр топтың жігіттеріне бір аттан беріледі, және сайыс басталмас бұрын қазылар құрамындағы екі атбегі басқа бір малдың тұяғын тағалап көрсетеді.