Бұл Америкадағы инженерлік колледждің түлегі – Томас Аллен. Ең жақсы досы әрі курстасы Уильям Захтлебенмен бірге ол 1890 жылдың маусым айында Нью-Йорктен Ливерпульге келіп, сол жерден әлемдік велошеруін бастады. Ол шамамен 3 жылға созылған болатын. Жастар Еуропаны кесіп өтіп, 91-ші жылдың күзінде Қазіргі Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанды қоса алғанда, барлық Орта Азияны аралап шықты.
Аллен сақтап қалған барлық суреттердің ішінен Қазақстанға қатыстысы осы ғана. Бұл фотода паром Қазақстанмен шекарада орналасқан Өзбекстанның Чиназ қаласына жақындап келе жатыр.