«Australian Open» турнирі аясындағы қазақстандық дербиде Елена Рыбакина Зарина Диясты жеңіп, «Үлкен дулыға» сайысының екінші айналымына өтті. Жарыс үш сетте жалғасып, оның біріншісі мен екіншісінде қос спортшы тең түсті. Шешуші үшінші партияда Зарина 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Елена Рыбакина – әлемдегі ең мықты теннисшілер тізімінде 12-ші орында. Сондай-ақ келесі сында ол қытайлық Чжан Шуаймен жарысқа түседі. Ал жеңімпаз жарыстың үшінші айналымына өтеді.