Астанадан Бурабай демалыс орнына жаңа жылдық экспресс қатынайды. Ерекше әрленген пойызда 6 вагон бар. Оның екеуін жаңа жылдық тақырыпта арнайы қазақстандық суретші жазған картиналармен боялған. Одан бөлек, экспресстің іші шырша ойыншықтары, гирляндалар және қар түріндегі фигуралармен безендірілген. Олар, жолаушыларға жаңа жылдық атмосфера сыйлайды.
Нариман Дүйсекеев,
«Жолаушылар
тасымалы» АҚ ресми өкілі:
– Мерекелік түрде безендірілген құрамдар жаңа
жылдық демалыстар біткенге дейін жүреді. Сонымен қатар, биыл мейрам қарсаңында
Астана-Нұрлы-Жол – Алматы, Алматы – Маңғыстау, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау
– Семей бағыттарындағы пойыздардың вагондары ерекше безендірілді. Жаңа жылдың
басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылбен
құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстайды.
Ал, балдырған жолаушылар өздерінің бүкіл армандарын қағаз бетіне түсіріп, оны тікелей Аяз Атаға жіберуіне мүмкіндігі бар. Бұл үшін вагондарда арнайы пошта жәшіктері орнатылған. Бірақ, бұл кейіпкерлердің өздері вагондар ішінде қазақстандықтар мен шетелдік туристерді жеке құттықтайды. Оның үстіне. Әр жолаушыны жеке құттықтайды.
- Жаңа жылмен барлық қазақстандықтарды құттықтаймын. Елімізде тыныш болсын, бейбітшілік болсын! Бірлік болсын халқымызда!
– Барлығына жаңа жылдық көңіл-күй, жұмыста, оқуда сәттілік тілеймін. Отбасыларыңыз аман болсын!
Айта кетсек, туризм министрлігінің мәліметінше былтыр жаңа жылдық электропойыз 16 мыңнан астам жолаушыны тасымалдаған. Биыл Аяз Ата және Ақшақармен бірге экспресспен қатынаймыз деушілер көп болады деп күтілуде. Бұл пойыз аптасына 5 рет жүретінін айта кеткен жөн.