Астанадағы Innoprom Kazakhstan көрмесінде медицина саласындағы
заманауи тәсілдер мен инновациялар ұсынылды. Отандық әзірлеуші өз жобасында
жасанды интеллект алгоритмі арқылы көз ауруларын диагностикалаудың бірегей
жүйесін ойлап шығарған. Бүгінгі күні ноу-хаудың көмегіне диабеттік ретинопатия
немесе басқа патологиялық белгілерін зерттеу үшін 36 мыңнан астам пациент
жүгініп, тексерістен өткен. Нәтижесінде олардың 10 мыңында көз ауруларының белгілері
ерте бастан анықталды. Қазақстандықтар заманауи медициналық қызмет түрін алу
үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелген клиникаға барса жеткілікті. Онда
дәрігерлер арнайы фундус камерасының көмегімен көз түбін суретке түсіреді. Ол
бірден осы жүйеге жүктеліп, жасанды интеллект суреттің сараптамасын автоматты
түрде жасайды. Бұл үрдіске бар-жоғы 5-7 минут уақыт жұмсалады. Қорытындының
дәлдігі 91 проценттен асады. Қазір қазақстандықтар еліміздің 24-тен астам
клиникасында осындай скринингтен өту мүмкіндігіне ие.
Жәнібек
Еркебұлан, Көз түбін зерттеу жүйесін әзірлеуші компанияның директоры:
-Жүйелерді
енгізген кезде бізге құрылғыларды қоса бердік. Пациент терапевттен жолдама
алып, дәрігердің қабылдауына баруы керек, онда ол осы скрининг процедурасынан өтеді.
Скрининг шеңберінде көз түбінің басқа патологиялары, атап айтқанда, глаукома,
жасқа байланысты молекулалық дегенерация, көз торы аурулары, көз торы тамырларының ангиопатиясының пайда
болуы анықталды. Мұның барлығын дәрігер қорытынды жасау сатысында диагностикалады.
Осы тұрғыда ауруды тереңірек анықтауға мүмкіндіктер берілді. Жобамызды ғылыми
қор қаржыландырады.