Астана кезекті уқымды халықаралық жарыс алаңына айналды. Елордада теннис турнирі басталды. Биыл ATP 250 ASTANA OPEN жарысына теннистегі топ-50 ойыншының 10-ы қатысады. Кортта әлемнің экс үшінші ракеткасы-швейцариялық Стэн Вавринка, француздық Адриан Маннарино, сербиялық Ласло Джере, австралиялық Алексей Попырин және басқалар әлемнің үздік теннисшілері өнер көрсетеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы жүлде қоры млн доллардан асады. Биыл отандық құрама сапында 4 ойыншы ел намысын қорғайды. Александр Бублик бастаған қазақстандық топ құрамында Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов өнер көрсетеді.
Дмитрий Савчук, ATP
250 ASTANA OPEN 2023 турнирінің директоры:
-Бублик Александр алғашқы
4 серияда келеді. Сондықтан біз оның осы турнирде дүйсенбі және сейсенбі
күндері өтетін кездесулерде ең бастысы
ақтық матчта сәтті өнер көрсететініне сенімдіміз. Сонымен бірге Михаил Кукушкиннің де бабы жақсы, аяқ алысы
жаман емес. Александр
Недовесов жұппен
жетістікке жетуі мүмкін. Бұл әлемдеік сериядағы ең ірі турнирлердің бірі екенін
айта кеткен жөн. Бұндай жарыстың Қазақстан жерінде өтуі ел үшін үлкен мәртебе.
Елдегі теннис беделінің көрсеткіші деп білемін. Әлемнің үздік теннисшілері
осымен 4-ші жыл қатарынан осында жиналады. Турнир аясы кеңейіп келеді. Бұны
қатысушылардың санынан аңғаруға болады.