«Астана Балет» театрының шығармашылық ұжымы бүгінгі күні әлемнің түкпір-түкпірін аралап, гастрольдік сапарларында естен кетпес кештерді өткізіп келеді.
Лондондағы гастрольдік сапар барысында артистер жергілікті жұртшылықты қазақ халқының бай мәдениетімен танысытырып, отандық хореографияның жоғарғы деңгейдегі бүгінгі келбетін көрсетті.
Олардың барлығы түрлі жанрларға негізделген. Бағдарламада әйгілі хореограф Рикардо Амарантенің «Love Fear Loss» және «A Fuego Lento» балеттерімен қатар, «Ұлы дала мұрасы» атты ұлттық туынды да бар. Сондай-ақ, алғаш рет шетелдік сахна төрінде театрдың бас балетмейстерінің «Саломея» атты авторлық қойылымы орындалды.