Алжир тұтқындары қалай өмір сүрді?

Алжир. Отанға сатқындық жасаған, халық жауы деп айыпталғандардың әйелдері Ақмоладағы осы лагерде отырды. Қарағанды лагерінің 26-шы нүктесі болып құрылған бұл орталықта мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдері, қыздары мен қарындастары жазықсыздан жазықсыз жапа шекті. Лагер тұтқындарының бүкіл өмірі бір-бірінен айырмашылығы болмайтын сұп-сұр сұрқайы күндерден тұратын. Күн сайын әйелдерді қолына автомат ұстаған әскерилер алып жүретін. Олар халық жауының жақтастары болып саналатын.