Бүгін біздер алтын жән күміс жалатылған жіптен алуан түрлі бұйымдар жасайтын шеберханаға аттанбақпыз. Зер жасау өнері ортағасырлардан бастау алса, оның негізгі шыққан жері – Шығыс елдері болып саналады. Үй тұрмысында қолданылатын бұйымдарға, киім, бас және аяқ киімдерге алтын зер салып тігілген. Мұндай бұйымдар асыл және жартылай асыл тастармен көкеріліп, нақты иесіне ғана арналып жасалынатын болған.
Алтын зер салып тігу әдісін әдетте шеберлер өте құпия ұстаған. Алайда, біздің түсіру тобымызға бұл өнердің сырын білудің сәті түсті.