Декупаж өнерінің шығу тарихы мен жасалу жолы

Мына тұрған шағын үйшіктер, айна, табақ – осылардың барлығы Анастасия Лактионованың декупаж әдісімен жасаған бұйымдары.

Бұл өнер Қытайда орта ғасырларда пайда болғанмен, біршама уақыт бұрын Еуропа жерінде де кең танылған екен. Қолөнер шеберлері осы әдісті түрлі ыдыстар мен жиһаздарды сәндеу мақсатында қолданған. Француз тілінен аударғанда «декупаж» сөзі «кесу» деген мағынаны береді. Бұл әр түрлі өрнекті қағаздарды пайдалана отырып, көркемдеу деген сөзден шыққан.

Әсемдеу ісіне қағаздан басқа, мысалы, былғары немесе матаны да қолдануға болады. Ағаштың сыртқы бетін әспеттеу үшін көп жағдайда декупаж пайдаланылады, ал өзге бөліктерін жасауға қолөнер шеберлері өзге де материаларды қолдана береді.