Тележобаның кейіпкері Минген Шин көркемсурет мұражайына барып, қазақ кескіндемесінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туындыларымен танысады. Экскурсия жетекшісі суретшінің өмірі туралы көптеген қызықты мәліметтер айтады. Әбілхан Қастеевтің туындылары – ХХ ғасырдың керемет шежіресі. Еріксіз жалшы ету, Кеңес өкіметінің келуі, алғашқы бесжылдықтардың құрылысы, социализмнің жетістіктері мұның бәрі қазақтың тұңғыш суретшісінің еңбектерінде бейнеленген. Минген кілем тоқудың ежелгі дәстүрімен және қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдарының ерекшелігімен танысады.