Елімізде тұрып жатқан АҚШ азаматы Эван Аллен дәл осындай тәсілді пайдаланып жүр. Тіпті қазақша фильмдерді де еш аудармасыз көруді әдетке айналдырыпты. Осылайша аз уақытта қазақ тілін меңгеріп, былтыр қыркүйекте «Фулбрайт» бағдарламасымен Тараз қаласына табан тіреген ол Жоғары оқу орынында сабақ беріп жүр.
Эван Аллен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әлем тілдері кафедрасының оқытушысы:
- Қазақ тілін мүмкін 3-4 жыл бұрын үйрене бастадым. Ең алдымен мен өз бетіммен оқыдым. Қазақ халқы өте мейірімді. Мен франсузша білемін, сондықтан франсуз тілі «ғ» деген әріп бар, «ғ», «ү», «і» сол үшін тым қиын емес. Және мен үшін қазақ тілін үйрену орыс тіліне қарағанда оңай.
24 жастағы АҚШ азаматын университет қабырғасындағы әріптестері мен студенттер Айқын деп атайды. Ол білмегенін үйреніп, білгенімен бөлісуден ешқашан жалықпайтын білікті оқытушы дейді студенттер.
Әнел Исабекова, әлем тілдері мамандығының 2 курс студенті:
- Бізге Айқын ағаймен бірге сабақ өткен ұнайды. Себебі бізге ол практикаға келген кезде өте анық және де ол кісімен сөйлесу ағылшын тілі бойынша бізге оңай болып жүреді. Ол кісі бізге сабақты түсіндіреді өте жақсы және де ол кісінің тіл байлығы біздікіне қарағанда көп екені білінгендіктен практика барысында ол бізге өте тиімді. Бұл кісімен біз тек ағылшынша ғана емес, практика барысында қазақ тілінде де әңгіме айтамыз, сөйлесеміз.
Эван бағдарлама мерзімі аяқталып, АҚШ-қа оралғаннан кейін де қазақ мәдениеті мен адамдарын ұмытпайтынын айтады.