Абдул Хамид Афшар: ТРТ арнасында қазақстандық деректі жобалар үнемі көрсетіліп отырады

Бүгінгі бағдарламамызда сұхбат беретін кейіпкеріміз – ТРТ арнасының еліміздегі өкілдігінің директоры Абдул Хамид Афшар мырза.

Абдул Хамид Афшар түрік теле радио компаниясында 1987 жылдан бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді. Телевизиядан бұрын кино саласында жұмыс істеген. Деректі жобалар дайындаған. Мәселен, Селжұқтар туралы кино картина ерекше әсер еткенін айтады.

«Селжұқтар қазіргі Қазақстанның Қызылорда қаласына жақын жерде өмір сүрген екен. Жалпы алғанда, Түркі халықтарының тарихына қызығушылығым жоғары», - дейді ол.

Сұхбат барысында Қазақстан егемендігі, түрік пен қазақтың бауырлас халық екені, сондай-ақ, қазақ және түрік фильмдері туралы ой қозғалады.