Түркістан – ер түріктің бесігі. Түркістан – екі дүние есігі. Екі мың жылдық тарихы бар Түркістан облысы Қазақ хандығының да астанасы болған. Түркістан облысы Еуропа мен Азияны өзара жалғаған тарихи Жібек жолының бойында орналасқан. 2021 жылы Түркістан «Түркі әлемінің рухани астанасы» атанды. Бүгінде сәулеті келіскен қаланың көркін жандандыру мақсатында сан түрлі жұмыс атқарылуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «Tүркістан» телеарнасы – түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна. Аталмыш телеарнада Файзулла сияқты білімді һәм білікті мамандар жұмыс істейді. Айта кету керек, Файзулла Мәскеудегі – жұмысын туған жердегі кәсіпке айырбастаған азамат.