Қазақ халқының әдебиет тарихында артында өшпес мұра қалдырған Абай Құнанбайұлының орны ерекше. Оның кез-келген өлеңі сырлы суреттерге толы. Өзі өмір сүрген қоғамының әділетсіз көріністерін өлеңмен өріп, ащы зармен сыртқа төгеді.
Ұлы Абайдың халық қамын терең ойлаған кемеңгерлігі оны ақындықтан да жоғары биікке көтеріп, өз даласымен шектелмеген ұлы ағартушылық деңгейге шығарды.