Күнтізбеде 1988 жыл. Міне, осы күнге дейін түркі халықтарының басты мейрамы Наурыз елімізде 60 жылдан бері ресми мәртебесі болмай, мемлекеттік деңгейде аталып өтілмеген. Бұл мерекені атап өтуге де тыйым салатын құжат болмаған.
Наурыз 1988 жылдан бастап тойлана бастады. Дәл сол уақытта Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінің алдындағы алаңда осы фотосурет түсірілген болатын. Бұл мерекені кімдердің ұйымдастырғаны туралы пікірлер әртүрлі. Дегенмен мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков пен ақын Мұхтар Шахановқа көп сілтеме жасалады. Тарихшылардың дерегінше, олар Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Геннадий Колбиннің қабылдауында болып, ұлттық салт-дәстүрді қайта жаңғырту туралы ой қозғаған.