30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні. 1995 жылы дәл осы күні қолданыстағы Ата заң қабылданды. Жалпы егеменді елдің бірегейлігін айқындайтын тұңғыш Коституция 1993 жылы бекітілгені белгілі. Содан бері мемлекеттің негізін қалайтын басты құжат 5 мәрте өзгеріске ұшырады. Толыға түскен жаңа нұсқалары ел игілігі мен қоғам сұранысын қанағаттандырудың қамы дейді, сала мамандары. Ел мүдесін қорғап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдар заман ағымына сай көсіле білуі тиіс, - деп санайды сарапшылар. Айтуланыша, жаҺандық көшке ілесу демократияға негізделген егеменді елдің басты белгісі.
Тілеген Садықов, тарих ғылымдарының докторы:
-Бүгінгі ата заң бәріміз қолданып отырған қазіргі кезеңде Қазақстан
қоғамының ішкі құқықтық-заңнамалық негізін айқындайтын құжат ретінде өзінің
тарихи рөлін анықтап берді. Әлі де анықтай түседі. Екіншіден, егеменді,
тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Конституциясы біздің сыртқы саясатымыздың
басты бағытын көрсетіп берді. Оның ең бастысы біздің әлемдік қауымдастықта
өзіміздің орнымыз бар, ешкімге бас иіп бағынбайтын өзіміздің саясатымызды
айқындайтын тәуелсіз ел екенімізді көрсету. Ол да негізделіп отыр.
Ата Заңға былтыр енгізілетін соңғы өзгерістер жалпыхалықтық референдумда құпталды. Оның жобасын елге белгілі заңгерлер мен конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Мәселен, елде конституциялық сот құру, заңсыз активтерді елге қайтару және Парламент құрамының 30% бір мандатты округтен сайлау. Соңғылары үшін «айтылған сөз атылған оқпен тең». Сайлауалды үйіп төккен уәдеге берік болулары тиіс.
Марат Башимов, Қр Парламенті мәжілісінің депутаты:
-Бір жылдан кейін халықтың алдында жауап беруі керек, қоғамның алдында. Ал,
ол қоғам оның жұмысын жақсы немесе жаман деп айта алмаса оны қайтарып алуға
құқығы бар. Сол үшін бір мандаттан келген біздің депутаттар бәрі депутаттық
сауалмен де, барлық жерде де өздерін көрсетіп жүреді. Бұл өте пайдалы әрі
маңызды. Өйткені, халық алдында жаупкершілікті түсіну өте маңызды. Ал,
партияларға келетін болсақ, ол тіпті үлкен 6 партияның өткеннің өзі меніңше
демократияның принциптері.
Нәтижесінде, Ата заңға енген өзгерістер конституцияның үштен бірін құрады. Негізінен суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттікке көшу, билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің мәртебесін күшету, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және ел азаматтарының құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру көзделген. Бұған жауапты тұлғалар бірден сөзден іске көшті. Оның жемісін көрудің күні алыс емес, таяу уақыт еншісінде, - дейді сала мамандары.