Республика күні Ұлттық мереке мәртебесін алды. Сенат депутаттары 25 қазанды Ұлттық мереке деп белгілеу туралы норманы қамтитын түзетулер пакетін бірауыздан қолдады. Бұл күн демалыс болады. Сонымен қатар, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде қала береді. Енді заң жобасына мемлекет басшысы қол қоюы тиіс.