Шымкент шаһарының үшінші мегаполис атануы және екі дүние есігі, ер түріктің бесігі Түркістанның облыс мәртебесін иемденуі – жаһандық қалалар жарысының басталғанының бір көрінісі. Кейде қазақ қала салмаған, тәжірибе аз деп тәпсірлейді. Ақиқатында ұланғайыр Ұлы далада Еуразияның төрт бұрышын тең ұстаған тегеурінді мемлекеттер өмір сүрген. Олар аспанмен таласқан алып ғимараттар салмаса да, кезеңге сай керемет қалалық өркениет қалыптастырған. «Бабалар ізімен» экспедициясының Оңтүстік өңірге сапары айтулы тоқтамды айғақтайды.
Сондай-ақ бағдарламада Сайрамды ғұлама Махмұд Қашқари неліктен «Ақ қала» атағаны және күш атасы Қажымұқанның «Ямагата Муханура» деген лақап ат алуына не себеп деген сұрақтарға жауап аласыздар.