2024 жылы 18
мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұндай деректермен елдің
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бөлісті. Олардың жартысына
жуығы Қытай, өзгелері Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Түрікменстан және басқа
елдерден келген. Еске сала кетсек, пилоттық режимде Қазақстанның елшіліктері
арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша кандас мәртебесін беру тетігі іске қосылды.
Дипломатиялық мекемелерде жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге, тұрғын үй беру
мүмкіндіктері туралы білуге және ел аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға
болады. Бүгінде осы жүйе арқылы 23 мыңға жуық өтініш қабылданды. Жалпы 1991
жылдан бері тарихи отанына 1 млн 146 мыңнан астам этникалық қазақ оралған.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

