200-ден астам қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды

200-ден астам қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды

Жыл басынан бері 200-ден астам оқушы негізгі пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды. Жас дарындар ел қоржынына 26 алтын, 56 күміс, 122 қола медаль салды. Олар математикадан қашықтан өткен халықаралық Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы, математикадан Балқан жарысында, химиядан халықаралық Менделеев олимпиасында және тағы да басқа беделді білім сайыстарында Қазақстанның намысын қорғады.

«Халықаралық пәндік олимпиадаларға барлығы 500-ден астам қазақстандық оқушы қатысты. Олар 200-ден астам медаль жеңіп алды. Бұл әрбір екінші оқушымыздың медаль жеңіп алғанын білдіреді. Біздің балаларымыз жүзден астам елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, үздік нәтиже көрсетті. Қазір балаларымыз ең беделді пәндік олимпиадаларға қатысып жатыр», - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.