Өткен тәулікте тағы 642 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 118 004 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 769 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 133 887.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 16190
Алматы қаласы - 16269
Шымкент қаласы - 5381
Ақмола облысы - 5432
Ақтөбе облысы - 3493
Алматы облысы - 5801
Атырау облысы - 11708
Шығыс Қазақстан облысы - 16670
Жамбыл облысы - 4467
Батыс Қазақстан облысы - 8140
Қарағанды облысы - 11164
Қостанай облысы - 5553
Қызылорда облысы - 3296
Маңғыстау облысы - 3441
Павлодар облысы - 6674
Солтүстік Қазақстан облысы - 6713
Түркістан облысы – 3495
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 47 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 42 455, 446 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 728 жетті.