Олардың дұға – тілегі кәміл қабыл болған дұғалардан. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәби кезінде жетім қалып, Мединадан келген сүт ана Халиманың отбасына береке қонып, малдары артып төлдеп, сүттері көл – дария болады.
Халқымыздың «Жетімнің босағасы алтыннан болса да дүниесі арам» деген сөзі бар. Бұл дегеніміз жетімнің қаншалықты мал – дүниесі болғанымен, ол ер жетіп – бой жетпейінше дүниені орынсыз шашу күнә! Тіптен жетім бала дариядан балық ұстап алып келсе, ол балықты өзіне ғана жегізу керек. Себебі ол жетімнің еңбегі болғандықтан, басқаларға болмайды.