Тинкай Кретованың кітабы тәңіршілдік әдебиеті деген әлеммен таныстырады. Ал Тинкайды – сол жанрдың өте көрнекті және дарынды өкілі деп айтуға болады.
Тинкай Кретова – көптеген әңгіме, очерк, повестердің авторы. Ол 2016 жылы өзінің «Қазтабан» деп аталатын повесі үшін «Алтын Тобылғы» сыйлығын, ал 2019 жылы «Qазақстандық» деп аталатын повесі үшін «Nur Otan» партиясы тағайындаған «Ұлы Дала» сыйлығын иеленді.
Жазушы өзін «көшпендімін және саяхатшымын» деп атайды.
Тинкай Кретованың шығармаларында табиғатқа қалай жан бітеді? Жан бітіп қана қоймай, адамды даналық пен саналылыққа баулитыны қалай? Табиғат пен рухани дүниенің арасындай қандай байланыс бар? Оның барлығын «Book club» бағдарламасының бүгінгі шығарылымынан біле аласыздар.