Жатақхана жыры. Қазақстандық студенттер көшеде түнеп жүр | Ел бағдарламасы

Оқу инемен құдық қазғандай. Алайда ол құдық күнкөріс пен жанбағыстың, мұқтаждық пен мәжбүрліктің, пәтерақы табу үшін таңға дейін жұмыс істеудің шыңырауы болмауы керек қой. Ол – білімнің, ізденіс пен жаңалыққа ұмтылыстың, талпыныс пен таланттың құдығы болу тиіс. Әрбір жас мемлекет пен қоғамның қамқорлығын сезінуі керек.