Шығыс пен Батыс қосылғанда. Ақын Тараси. Далаға деген махаббат. Суретте бейнеленген әуен.
1865 жыл. Париж. Танымал салондардың бірінде сән-салтанаты жарасқан қауым жапырлап бурыл шашты мырзаға қошемет көрсетуде. Оның қолында жаңа ғана жарық көрген альбомы бар. Осы бір басылымға кірген 22 репродукцияның әрқайсысына француз тілінде түсініктеме берілген. «Қазақ даласындағы өмір» деп аталатын бұл кітаптың авторы – Бронислав Залесский. Білімді Еуропа ұлы дала туралы алғаш рет осы адамның арқасында хабардар болған еді.