Күн шуағы бозарып атқанда, алтын күн ұясына батқанда көзге көрінер сәулені халқымыз – арай деген. Вокалды-инструменталды ансамбль Арайдың атауы да өзіне сай келеді. Көкжиектен көріне бастаған сәттен бастап-ақ ешкімге ұқсамайтын ерекше сәулесімен музыка әлеміне нұрын шашып, бірден атақ пен даңқтың астында қалды. Арай вокалды-аспаптық ансамблі 1979 жылы дирижер Тасқын Оқаповтың жетекшілігімен құрылды. Ұжымның солисі – Роза Рымбаева.