Үндістан Елшісі: Карриді жылқы етіне де қолдануға болады

Үндістанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад пен оның жұбайы Падмавати Татипамула – «Talk & Cook» шоуының жаңа қонақтары. Осы шығарылымда қонақтар үнді асханасының ежелгі және бай тарихы туралы әңгімелеп, дәмдеуіштердің аспаздық дәстүрлердің қалыптасуындағы маңыздылығын айтып береді. Сондай-ақ әйгілі тауық карриінің рецептімен бөліседі.

Сонымен қатар, Елші Үндістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға толығырақ тоқталып, екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңызы туралы әңгімелейді.