Бірде туған жерін жаудың шапқыншылығынан қорғап, бірде өзі жорыққа аттанумен жүрген Ұлы Дала батырларының, сәнді ойлауға мұршасы бола қоймаған шығар. Бірақ соған қарамастан, олар көптеген сәнді трендтердің идеялық шабыт берушісіне айналды. Ал оны қалай білуге болады?
Заманауи өмірде ер азаматтардың этнографиялық костюміне орын бар ма? Осы және өзге де қызықтар - Oriental vintage бағдарламасының жаңа шығарылымында.