Көк түріктерінің өмірінде аспан әлемінің алар орны қандай болған? Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров сынақшы-ұшқыш ретінде қандай ерлік жасаған? XXI ғасыр жиһангезі – Сапар Ысқақтың стратосфераға ұшуы несімен маңызды? Күлтегін мен Білге қаған бітік тастарында жазылғандай, байырғы бабаларымыз өздерін «көк түріктері» деп атаған. Бұл тіркестегі «көк» сөзі түсті емес, аспан мағынасын білдіреді. Өйткені түрік халықтарының мифологиясында осынау тұңғиық әлем айрықша мәнге ие. XXI ғасыр жиһанкезі Сапар Ысқақ қайда барса да көк туымызды алып жүруді азаматтық парызы санайды. Елдігіміздің нышанын стратосфера биігінде де желбіретіп, абыройымызды аспандатты. Бұл – елім деген ердің ісі емес пе?