Темір. Металлдың Ғаламшар мен адам өмірінде алатын орны

Темір – Ғарыштағы ең көп тараған химиялық элемент.

Ғаламшарлар, шоқ-шоқ жұлдыздар мен зулаған кометалар – осылардың бәрінің құрамында темір бар және мөлшері өте көп. Жердің ғана емес, Күн мен жұлдыздардың да атмосферасы негізінен, темірден тұрады, бірақ құрамында басқа элементтер де бар.

Ал біздің Ғаламшарымыздың үштен бірге жуығы темірден құралған. Сол себепті темірдің табиғатта алатын орны ерекше.

Пайдалы ақпарат:

Темір – Жер бетіндегі ең көп тараған металлдардың бірі.
Бүтін бір өркениет дәуірі осы металлдың атымен аталған – Темір дәуірі.
Ешқандай қоспасы жоқ таза темірді кей кездері метеориттерден тауып жатады. Ол көбінесе химиялық қоспалардың құрамында кездеседі.
Ежелгі металлургтер темір кенінен шойын мен болат қорытып шығарған, олардың беріктік көрсеткіші темірдің өзінен де жоғары.
Темірден жаппай өнім шығару б.д.д 800-ғасырдан бастап қана қолға алынды.
Сарбаздар болаттан сауыт киіп, болат қылышпен қаруланған.
Болаттан жасалған құрал-саймандарды пайдалану – еңбек өнімділігін күрт арттырды, жер бетінде адамның саны көбейді.

 

Ал біз осы бірегей металл туралы не білеміз? Толығырақ бағдарлама барысында біле аласыздар.