Қазақстан алып құрлықты Еуропа мен Азияға жалғап тұрған маңызды көлік дәлізі. Ел аумағындағы страгиялық порттар тек сауда ғана емес, елдің транзиттік әлеуетін арттыратын бірегей инфрақұрылымға айналып келеді. Солардың бірі Каспий теңізі жағасындағы - Құрық порты. Бұл порт арқылы тек Қазақстан ғана емес, Қытай да Еуропаны бетке алады. Каспий теңізі арқылы Парсы шығанағына, Еуропаға шығуға мүмкіндік бар. Бүгінгі East-west link-тің кезекті саны осы Құрық порты жайлы болмақ.

