Ана құрсағына біткен шаранадан не себепті бас тартуы мүмкін? Ең бірінші етегінен ұстар ер азаматы жоқ. Оң жақта отырып балалы болу тағы ұят. Таразының бір басында - абырой мен ар-ұят, екіншісінде - сәбиі. Оны таңдайын десе, барар жер, басар тауы жоқ... Мәселен, Әсем 22 жаста. Жігіті тастап кеткен, жалғыз сүйеніші - анасы жаман ауруға шалдыққан. Тығырықтан шығар жол - құрсағындағы сәбиін сату деп ұйғарған ол.