Сұлтан Бейбарыстың құдасы сұлтан Қалауынның Египеттегі қолтаңбасы

1279 жылы сұлтан Бейбарыс әулетінің Египет билігіндегі тарихы аяқталды. Мысыр тағына қыпшақтың тағы бір талантты перзенті Қалауын отырады. Ол сұлтан Бейбарыспен құда еді. Беркенің әйелі – Қалауынның қызы. Осы қарым-қатынас оның сұлтан атануына әсер еткен секілді. Әйтпесе, «елді басқаруға ептімін» деп ентігіп тұрған бәсекелес әмірлер аз емес еді. Дегенмен сұлтан Қалауын да – Мәмлүктер мемлекеті ірге көтергеннен бастап, басқару ісінің басы-қасында жүрген тегеурінді тұлға, крест жорығы мен моңғол шапқыншылығына қарсы соғыстарда қауқар танытқан қаһарман.

Египетті сұлтан Бейбарыстан кейін басқарған сұлтан Қалауын қандай ісімен, Мысырдың сәулеттік өнерін жаңа кезеңге шығарды? Каир тұрғындарының санын миллионға жеткізіп, «алтын дәуір» орнатқан – қазақтың қай бабасы? Ислам әлеміндегі алғашқы ең үлкен мешітті салдырған Хасан сұлтан қай қалада жерленген?

Қалауын сұлтанның сәулеттік өнердегі қолтаңбасы. Египетте қалалық мәдениетті дамытқан қыпшақ сұлтаны. Хасан сұлтанның үлкен мешітті салдыруы және құпия өлімі. Ос және өзге де тақырыптар бүгінгі бағдарламада қозғалады.