Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстанда алғаш рет өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионатына шолу жасаймыз. Спорттық гимнастикадан универсиада жүлдегері Милад Каримимен сұхбат құрып, капоэйро бапкерінің шеберлік сыныбына қатысамыз.
Милад Карими гимнастикамен 3,5 жасынан бастап айналысады. Қазір оның жасы – 20-да. Ұлттық құрамадағы үздіктердің бірі. Еркін жаттығу бойынша ол әлемнің топ 10 атлетінің қатарында. Спортшы олимпиада ойындары және экстримге құмарлығы жөнінде айтып береді.