«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында Қазақстанда ең үздік технологиямен жабдықталған бассейні бар спорт кешенімен танысасыздар. Әлемде Эверест шыңын бағындырған алғашқы аяғы жоқ әйел атанған Мария Әуезовамен сұхбат құрылады.
Бағдарлама соңында велоспортқа тоқталып, велосипедті қалай дұрыс таңдау керек және жолдағы қауіпсіздік туралы айтылады.
2021 жылдың сәуір айында қазақстандық Мария Әуезова Эверестегі базалық лагерьді аяқсыз бағындырған әлемдегі тұңғыш әйел атанды. Алайда биік шыңды бағындыру жолында ауыр жаттығулар мен кедергілер болды. Төккен тер текке кеткен жоқ. Ол 31 жастағы бірегей жанға айналды.
Мария Әуезова біраз уақыт парапауэрлифтингпен шұғылданды. Нәтижесі де жаман емес. Республикалық турнирлерде жеңіске жетті. Спорт шебері атанды. Сосын бірден басқа салаға бет бұрып, әлемдегі ең биік нүктені бағындыруға бел буды. Эверестке дейін Бурабай ауданында бар болғаны 3 тауға шығып көрді.