Sports Nation бағдарламасының кезекті шығарылымында еліміздегі ең үлкен оқушылар сарайымен танысасыздар. Қазақстан футзалының жарық жұлдызы Игитамен сұхбат құрылады.
Ал бағдарлама аяқталар тұста бодибилдинг туралы айтамыз.
Ол отандық спорттағы жарқын тұлғалардың бірі. Әлемде 5 рет өзі ісінің маманы болып танылған. Игита – футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы және көшбасшсы ойыншылардың бірі.
Мыңдаған баланың үлгі тұтар спортшысына айналған Игита 2011 жылдан бері Қайраттың қақпасын күзетеді. Клубтың чемпиондар лигасындағы жеңістеріне зор үлес қосқандардың бірі. Игитамен бірге футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2016 турнирінде өз тарихында алғаш рет үшінші орынға ие болды.