«Sports Nation» бағдарламасының кезекті шығарылымында Токиода өткен паралимпиаданы қорытындылаймыз. Қазақстан футболында жұлдызы жанған легионер – Антонио Рукавиномен сұхбат құрамыз. Сондай-ақ джиу-джитсудың Қазақстанға келуі және дамуы жөнінде айтамыз. Қазақстан біріншілігінде доп тепкен жұлдызды легионерлер аз емес. Бұған дейін Андрей Аршавин, Марин Томасов, Ненад Эрич сияқты спортшылардың оқиғасын баяндадық. Түсірілім орнына қарап бүгінгі шығарылымның кейіпкері де Астана ойыншысы екенін түсінесіздер. Сербия құрамасының бұрынғы ойыншысы соңғы, қоштасу маусымын өткізуде. Ол жыл соңында футболшы ретіндегі қызметін тоқтататынын мәлімдеген. Сондықтан бүгінгі сұхбатымыз ерекше болмақ.