«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында шығармашылық топ трофи-рейдтен Қазақстан кубогына аттанады. Жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы Еуропаның вице-чемпионы Валерий Жұмаділовпен сұхбат құрады. Ал бағдарлама соңында балаға ең пайдалы спорт түрі жөнінде ақпараттар беріледі.
Бұған сену қиын шығар, бірақ Валерий Жұмаділов жақында ғана 60-қа толды. Ол Эстонияның 8 дүркін чемпионы. Сондай-ақ, өз санатында Ресей мен Беларусь Республикасында қарсылас шақ келтірмеді. Бұдан бөлек Валерий жеңіл атлетикадан Еуропаның вице-чемпионы. Ол қазір Таллинде тұрады. Алайда биылдан бастап жарыстарға Қазақстанның атынан шығады.