Қазақстанның бұл өңірінде қысқы аяздың -48 градусқа дейін жететін кездері болады. Қазақ хандары кезінде бұл жерге өз ордасын тіккен. Бұл – елдің ең солтүстігінде жатқан аймақ.
Қазақстанның өзге облыстарымен салыстырсақ, бұл – осы елдегі ең кіші облыс. Ауданы – 98 мың шаршы шақырымнан сәл-ақ асады. Алайда Солтүстік Қазақстан облысын ең ежелгі елдімекендердің бірі деуге толық негіз бар. Өйткені бұл жерді адам баласының миллиондаған жыл бұрын ежелгі полеолит дәуірінен бастап қоныстанғаны туралы айғақтар бар.
Бағдарлама жүргізушісі Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласына саяхат жасап, тарихы мен келбеті, бүгіні тұрмысы мен көрікті жерлеріне ат басып бұрады.