Бұл шығарылымда археолог Арман Омарходжаев, журналист Диля Ибрагимова және өлкетанушы-саяхатшы Қалдан Садықовтар «OUTDOOR KZ» экспедициясымен бірге Талас өзенін бойлап, оның Талас Алатауындағы бастауынан, Мойынқұм шөліне дейін, Жамбыл облысының ең қызықты туристік локацияларына соға отырып, жүріп өтпекші. Сіз де солармен бірге Талас өзенінің Батыс Тянь-Шаньдағы мұздықтардан қалай бастау алатынын көресіз, Ақыртас сарай кешеніне, ежелгі Тараз шаһарына, Тараздың маңындағы 10-ғасырдан қалған қарауыл мұнараларына, қазақ әскерінің қол басқару орнына соғып, өзеннің Мойынқұмға сіңіп кететін жеріне дейін барасыз.