Шекелік

Шекелік бірнеше бөліктерден тұрып, оған тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Салмағы мен ұзындығы әртүрлі. Кейде иықтан төмен түсіп тұратын болған. Көбіне, геометриялық пішіні біркелкі, бір-бірімен тіркескен жалпақша бөлшектерден жасалады. Шекелік үшбұрышты, жүрекше, ромб, гүл жапырақшасы тәрізді және басқа пластиналардан құралып, шынжырмен немесе ілгектіжүзік тәрізді әдіспен байланысады.