Қазақтар қазіргі Өзбекстанның шеткі аймақтарында, атап айтқанда Қарақалпақстаннан Ташкент облысына дейінгі Солтүстік шекарасының бойында қоныстанған. Диаспораның басым бөлігі Ташкент облысында тұрады. Бұл жердегі Бостандық ауданы тұтастай қазақ ауылдарынан құралған. Шекара маңындағы аймақтарда тұратын ағайындарымыздың тұрмыстық өмірі туралы «Қандастар: Өзбекстандағы қазақтар» жобасынан көріңіздер.