Тарихи отанынан жырақта қалғанына қарамастан, көптеген Түркия қазақтары өздерінің мәдениеті мен дәстүрін сақтауға тырысады. Олардың арасында Мұстафа Калкан мен Ибрагим Калкан да бар. Ағайындылар Ыстамбұлда туып-өскен. Мұстафа – журналист, Ибрагим – университетте сабақ береді. Ыстамбұл қазақтарының тағдыры туралы «Қандастар: Түркиядағы қазақтар. Ағайынды» жобасын Qazaq TV телеарнасынан тамашалаңыздар.