Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» қорын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Мақсат – қор қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру. Сонымен қатар жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту қажет. Құрылымды қайта жаңғырту жолдары төңірегінде «Самұрық-Қазына»-ның басқарма төрағасы мен ҚР Ұлттық экономика министрі және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады. Жиын соңында Премьер-Министр ұсынылған шараларды одан әрі пысықтауды тапсырды.