Салтанат Баймұхамедова — қазақстандық дизайнер. Балалық шақта киімдерді қайта тігіп, эксперимент жасаудан басталған хобби жеке брендтің қалыптасуына ұласты. Париждегі сән көрсетіліміне дейінгі сара жолға алып келді. Бұл — қалыптасқан қағидалар шеңберінен шығудан қорықпай, дағдарыстарды еңсерген және табиғи таланты мен еңбектің арқасында мол табысқа жетуге болатынын дәлелдеген әйел туралы оқиға.
Бұл бағдарламададан
көретіндеріңіз:
— дизайнердің қалай қалыптасатынын;
— шағын ательеден жеке брендке дейінгі жолды;
— отбасы мен дәстүрдің ықпалын;
— сән әлемінің күш-қуат пен сенімділік құралы ретіндегі рөлін;
— неліктен әрқашан өз болмысыңды сақтап қалу маңызды екені.
Бұл тек қана
табысқа жету тарихы емес. Бұл — таңдау, батылдық және ішкі еркіндік туралы
оқиға.

