Сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеу 20 қаңтарда басталған, кандидаттарды ұсыну 8 ақпанда аяқталған. Үміткерлерді тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. 21 қаңтарда орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына ресми тіркелген жеті партия қатысатынын хабарлаған. Мәжілістегі 98 депутаттық орынның 28-і бірмандатты округтер арқылы, қалған 69-ы партия тізімі арқылы сайланады.